Артем Захаров халықаралық омниум турнирінің жеңімпазы атанды

14 Мамыр 2023, 12:54
1053
Бөлісу:
Артем Захаров халықаралық омниум турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: olympic.kz

Велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Astana Track Team GP Framar халықаралық жарысына қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ұлттық құраманың көшбасшысы Артём Захаров омниум жарысында жеңіске жетті.

Осылайша, велошабандоз әлем чемпионатына қатысу үшін маңызды рейтингтік ұпайларға ие болды.

Бір күн бұрын Руслан Елюбаев скретч жарысында жақсы нәтиже көрсетіп, мәреге 4-ші болып жетті. Ұпайлар бойынша топтық жарыста Артём Захаров та төртінші, Рамис Дінмұхаметов алтыншы болды.

Өзгелердің жаңалығы