Елімізде Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

16 Желтоқсан 2022, 15:12
1208
Бөлісу:
Елімізде Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

Елімізде есімдері егемендікпен байланысты 18 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, бұл есімдердің қатарында Азат пен Еркін есімдері кең таралған. 

Мереке қарсаңында Тәуелсіздікпен және өзге мәндес сөздермен ұқсас қанша адам барын қарап көрдік. 

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда бір Тәуелсіздік бар. Сондай-ақ 21 – Егемен, Азат – 14 065 адам, Еркін – 3913 және Бостандық – 23 адам, - дейді Ұлттық статистика бюросы. 

Ал сіз бұл тізімге қандай аттарды қосар едіңіз?

Өзгелердің жаңалығы