Елімізде тауарларды қадағалау жүйесі енгізіледі

26 Наурыз 2023, 17:44
864
Бөлісу:
Елімізде тауарларды қадағалау жүйесі енгізіледі
Фото: mangystaumedia.kz

Қазақстан жаңалықтары 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап көлеңкелі айналымды азайту және салықтық шығындарды (ҚҚС) жою үшін ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға ілеспе шот-фактураларды міндетті түрде беру енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрын тауарларға ілеспе шот-фактуралар пилоттық режимде 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ерікті негізде енгізілді. 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар шекарадан өткенге дейін электрондық нысанда жүзеге асырылады, бұл номиналды тұлғаларға, жалған алушыларға және тауарларды жөнелтушілерге, банкроттарға, таратылған тұлғаларға және т.б. құжаттарды беру мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша, енгізілген жүйе тауарларды шекара арқылы өткізуді бақылау процесін автоматтандыратын болады,- деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өзгелердің жаңалығы