Еліміздегі төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

1 Қазан 2019, 07:49
1553
Бөлісу:
Еліміздегі төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Атырау, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тынық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы