Елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артты

4 Қаңтар 2024, 13:46
638
Бөлісу:
Елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артты
Фото: Арман Мухатов - Архив

1-ші қаңтардан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше,  бұл ведомства әзірлеген іс-шаралардың нәтижесінде жүзеге асты.

Бұдан бөлек, министрлік отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.

Еңбекақыны арттыру - су шаруашылығы саласында жұмыс істеуді тартымды ету қадамдарының бірі. Әрине, салада жүрген мамандарды ұстап қалып қана қоймай, оларды қажетті дайындықпен, заманауи дағдылармен және біліммен қамтамасыз ету қажет. Министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы