Елімізде су алып кету қаупі бар аймақтар аталды

5 Ақпан 2021, 16:54
3431
Бөлісу:
Елімізде су алып кету қаупі бар аймақтар аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде «Тасқын кезеңіне дайындық» тақырыбы бойынша өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстан бойынша су алып кету мүмкін аймақтарды атады.

Орталықтағы облыстар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Қызылорда облысын қауіпті аймақ деп айтуға болады. Бұл аймақтар былтырғы санмен бірдей. Қазір бұл аймақтарды бақылауда ұстап отырмыз. Бүгінгі күні қауіп жоқ, - деді вице-министр Күлшімбаев.

Сонымен қатар ТЖМ өкілі Шардара су қоймасы тоғанының бұзылып кету қаупін алдын алу үшін министрлік атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Шардара су қоймасы Су ресурстық комитетінің балансына кіреді. Барлық жөндеу жұмысы жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі күні қауіп жоқ. Сондай-ақ су шығару жұмыстары басталды. Ол жүргізіліп жатыр. Барлығы қалыпты дейгейде, - деді Ибрагим Күлшімбаев ОКҚ-дегі онлайн брифингте.

Айта кетейік, Шардара бөгені - Түркістан облысының Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзенінің арнасына салынған.

Өзгелердің жаңалығы