Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы өндіріле бастады

3 Наурыз 2022, 11:36
1071
Бөлісу:
Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы өндіріле бастады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасын өндіруді бастады.

Бұл туралы ҚФК баспасөз қызметі хабарлады.

Өздеріңіз білетіндей, Гамалея атындағы Ресей ғылыми-зерттеу институтында ревакцинация үшін жасалған препарат Қазақстанда өткен жылы тіркелген. Оның дәлелденген тиімділігі 79,4% құрайды. Аталған вакцинаның валидациялық партиялары ҚФК-да шығарылып, Ресейге сапаны бақылауға жіберілді және Қазақстандық өндірістегі препаратты РФ-да тіркеу күтілуде. 

Айта кету керек, дәл осы ҚФК қазақстандықтарды вакцинациялау үшін COVID-19 вирусына қарсы алғашқы «Спутник V» препаратын шығаруды жолға қойды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап пандемия кезінде инфекцияның таралуына қарсы күресу үшін азаматтық айналымға 7 миллион доза вакцина жіберілді. Келесі қадам-халықты қайта вакцинациялауға арналған «Спутник Лайт» бір компонентті препаратын өндіруді игеру. 

Коронавирусқа қарсы вакциналардан басқа «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС қатерлі ісік, гемофилия, склероз, қант диабеті және орфандық ауруларға қарсы тиімділігі жоғары дәрілерді шығаруға маманданған. Сондай-ақ, өте сирек кездесетін мукополисахаридоз, Гоше ауруы, сондай-ақ цистикалық фиброз және буллезді эпидермолиз аурулары бар науқастарға арналған препараттар өндіріледі, - делінген хабарламада.

ҚФК қуаттылығы жылына әлеуметтік-маңызды препараттардың 4 млн қаптамасын шығаруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы