Елімізде шетелдік көліктерді тіркеу науқаны басталды

2 Ақпан 2020, 14:44
2904
Бөлісу:
Елімізде шетелдік көліктерді тіркеу науқаны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-да полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік құралдарын уақытша тіркеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдары уақытша тіркеуге жатады.2020 жылдың 1 ақпанынан кейін Қазақстан аумағына әкелінген көлік құралдары уақытша тіркеуге жатпайтынын ескертеміз.Сонымен қатар, уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетіндігін хабарлаймыз - делінген арнайы хабарламада.

Осыған байланысты КҚ уақытша тіркеу қызметі 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап айдың соңына дейін күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қаланың барлық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы