Елімізде сайлауды толықтай онлайн өткізуге бола ма? - министр жауабы

14 Наурыз 2023, 15:53
2557
Бөлісу:
Елімізде сайлауды толықтай онлайн өткізуге бола ма? - министр жауабы
Фото: dknews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электронды сайлауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлауға офлайн емес, қашан онлайн түрде дауыс аламыз? Себебі, қазіргі таңда бәрімізде Egov-тың ЭЦҚ кілті бар... деп сұрақ қойды журналис.  

Мәселе сайлауды цифрландыруда емес. Егер кез келген адам Egov арқылы дауыс беретін болса оның анонимдігіне кепілдік беріледі. Мемлекет халықтың кімге дауыс беріп жатқанын білмеуге тиіс. Заңнамалық тұрғыда да бұған рұқсат етілмеген. Сонымен бірге дауыс беру процесінде азаматтың нақты кімге бергені туралы базада іздері қалуы мүмкін, - деп түсіндірді министр.

Мусиннің айтуына қарағанда, ол үшін арнайы сайлауға арналған бағдарлама әзірленуі керек. Онымен қоса бұл бағдарламаның тиімділігіне халықаралық қауымдастықтың көзқарасы қандай болатыны белгісіз. Өйткені әлем елдерінде сайлау көбіне офлайн форматта өтеді. Сол себепті дауыс беру процесін халықаралық әдістер тұрғысынан да зерделеп, стандартқа сай жасалуы маңызды. 

Сондай-ақ Цифрлық даму министрі байлауға байланысты Egov-тағы бірқатар жеңіл қызметті түрін айтты.

Сіз өзіңіздің қай жерде тіркеуде тұрғаныңызды және қай дауыс бере алатыныңызды Egov, Kaspi және Telegram арналарынан біле аласыз. Бүгінгі таңда төлқұжатын жоғалтып алған азаматтар электронды құжаттарымен-ақ сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады, - деді ведомства басшысы.

Мемлекеттік басқару академиясы орталығының басшысы, саяси ғылымдар кандидаты Жанар Бұқанова елімізге неліктен электронды сайлау өткізілмей отырғанын түсіндірген еді. 
 

Өзгелердің жаңалығы