Елімізде қай елдің балмұздағы сұранысқа ие екені анықталды

2 Маусым 2023, 18:16
777
Бөлісу:
Елімізде қай елдің балмұздағы сұранысқа ие екені анықталды
Фото: Артём Чурсинов архив

Қазақстанда түрік, француз және швейцариялық балмұздақ сұранысқа ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалар мен ересектер арасында, әсіресе жаздыгүні, балмұздақ жоғары сұранысқа ие.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде тәтті десерт – балмұздаққа байланысты қызықты фактілермен бөлісті.

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан құны - 910,8 мың АҚШ доллары, ал салмағы 234,2 тонна балмұздақ экспорттады. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) 1 852,9 мың АҚШ доллары сомасына 432,8 тонна балмұздақ импортталды.

Соңғы 3 жылда балмұздақ экспортының құны - 4 832,3 мың АҚШ доллары, ал көлемі 1 217,8 тоннаны құрады (2020 жылы – 284,8 тонна, 2021 жылы – 367,9 тонна, 2022 жылы – 565,1 тонна), импорт - 1 686,6 тонна, сомасы 6 453,2 мың АҚШ долларын құрады (2020 жылы – 263,1 тонна, 2021 жылы – 215,2 тонна, 2022 жылы – 1 208,3 тонна).

Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы - Өзбекстан (2020 жылы – 221,6 тонна, сомасы 872,3 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 285,7 тонна, сомасы 1 052,5 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 400,7 тонна, сомасы 1 580,5 мың АҚШ долл.). Сондай-ақ отандық балмұздақ Моңғолияға, Әзербайжанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға жіберіледі.

Бірақ елімізде шетелдік балмұздақ жоғары сұранысқа ие: Франциядан (2020 жылы-167,5 тонна, 702,1 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 110,5 тонна, сомасы 448,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 168,7 тонна, сомасы 815,2 мың АҚШ долл.), Швейцариядан (2020 жылы – 34,6 тонна, сомасы 286,6 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 59,4 тонна, сомасы 481,9 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 77,2 тонна, сомасы 630,3 мың АҚШ долл.) және Түркиядан ( 2020 жылы – 2,4 тонна, сомасы 14,8 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 7,6 тонна, сомасы 34,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 911,5 тонна, сомасы 2 483,7 мың АҚШ долл), сондай-ақ импорттаушылардың қатарында – Украина, Испания, Италия, Корея және Бельгия бар, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Сонғы жылы елімізде, әсіресе, Түркия елінен әкелінген балмұздақ жоғары сұраныста.

Қазақстанда биылғы жылдың 4 айында Түркиядан (266,8 тонна, сомасы 944,0 мың АҚШ долл.), Литва (70,7 тонна, сомасы 304,6 мың АҚШ долл.), Франция (49,8 тонна, сомасы 376,8 мың АҚШ долл.), Швейцария (15,0 тонна, сомасы 136,6 мың АҚШ долл.), Иран (10,6 тонна, сомасы 1,2 мың АҚШ долл.), сондай-ақ Украина (11,3 тонна, сомасы 55,0 мың АҚШ долл.) және Италиядан (8,6 тонна, сомасы 34,7 мың АҚШ долл.) әкелінген балмұздақ сұранысқа ие.

Өзгелердің жаңалығы