Елімізде қанша мал ұрланды?

15 Қаңтар 2024, 11:28
391
Бөлісу:
Елімізде қанша мал ұрланды?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мал ұрлығының 75%-ы еркін жайылымда жасалынады. Бұл туралы апталық брифинг барысында ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мал ұрлығының 75%-ы еркін жайылымда жасалынады. Онымен күресті жақсарту мақсатында ІІМ мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық және практикалық шаралар қабылдауда. Соңғы 5 жылдың ішінде мал ұрлығын 62,5%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Ал 2023 жыл ішінде 16,3%-ға төмендеді. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда, - деді ол.

Айтуынша, мал ұрлығы бойынша 2023 жылы 42 мың қылмыс тіркелген. Жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталған. 8500-нан астам ұрланған малдың жартысы табылып, иелеріне қайтарылған.

Қылмыскерлермен күрес жүргізуде жергілікті жерлерде үнемі рейдтер ұйымдастырады. 2023 жылы үш жүзден астам мал ұрлығы тіркеліп, 59 қылмыстық топ ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы