Елімізде қанша елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖМ жауап берді

14 Наурыз 2024, 15:16
297
Бөлісу:
Елімізде қанша елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖМ жауап берді

Бұл туралы Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

217 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашынмен ауа температурасының көтерілуі орын алды. Он күн ішінде ел аумағын қармен жабу ауданы 72 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеді, - деді Жомарт Асқаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің сөзінше, наурыз және сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін.

Осылайша қауіпті су тасқыны құбылыстары пайда болуы ықтимал. Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашыннан ауа температурасы көтеріледі, - деді Жомарт Асқаров.

Өзгелердің жаңалығы