Елімізде психоактивті заттарға тәуелді 107 мың адам есепте тұр – Алтынбеков

25 Тамыз 2022, 12:36
1018
Бөлісу:
Елімізде психоактивті заттарға тәуелді 107 мың адам есепте тұр – Алтынбеков

Бұл туралы ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда нашақорлық диагнозымен динамикалық бақылауда тұрған адамдар саны жыл санап азайып келеді. Жарты жылдағы мәлімет бойынша психоактивті заттарды қолдану бойынша бақылауда 107 мың адам тұр. Оның ішінде 83 пайызы алкогольге тәуелді болса, 17 пайызы есірткіге әуес. Халыққа наркологиялық көмек көрсету бойынша аудандарда 204 кабинет, қалалық емханаларда 83 кабинет қызмет етеді, – деді ол. 

Алтынбековтің айтуынша, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде оңалту стационарлық деңгейде барлық өңірде, сондай-ақ Павлодар қаласындағы филиалында жұмыс істейтін облыстық психикалық денсаулық орталықтарында көрсетіледі. 

Соңғы бес жылда Қазақстанда елдегі есірткіні қолдану деңгейін қарастыратын бірнеше эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді. 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасында жаңа психоактивті заттарды тұтыну бойынша есірткі жағдайына эпидемиологиялық бағалау жүргізілді. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының жастары (1500 адам) арасында NPS тұтынудың таралуы мен үлгісін көрсетті, – деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы