Елімізде президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

20 Тамыз 2023, 02:39
796
Бөлісу:
Елімізде президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Фото: Артём Чурсинов

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • - сыртқы саясат және инвестициялар;
  • экономикалық және қаржылық саясат;
  • - цифрландыру;
  • - әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • құжаттарды қабылдау;
  • - мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • - ситуациялық тапсырмаларды шешуді бағалау;
  • - құзыреттерді бағалау (assessment center және hr-сұхбат);
  • - сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • - ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы