Елімізде отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

1 Наурыз 2023, 17:13
899
Бөлісу:
Елімізде отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды
Фото: retailer.ru

Бүгін әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлама таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді, - Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап біз осындай 40 сайтты таптық және олардың 33-ін бұғаттадық. Кейбіреулер процесте, соның ішінде бүгін желіде тараған сайт та бар. Алдағы уақытта осындай сайтқа тап болсаңыздар Комитетке хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы