Елімізде «омикрон» штамын жұқтырғандар бар ма?

9 Желтоқсан 2021, 09:24
1707
Бөлісу:
Елімізде «омикрон» штамын жұқтырғандар бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирустық инфекция штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторингті жүзеге асырады.

Мәселен, коронавирустың «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирустың «Омикрон» штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді, – деп атап өтті Алексей Цой.

Сонымен қатар елдің бас дәрігері жаңа штамды жұқтырғандардың бар-жоғына тоқталды.

Коронавирустың «Омикрон» штамы нұсқасын жұқтырғандар анықталған жоқ. ҚР барлық өңірлерінде алынған оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасуда, – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Цой әлемде еліміз індеттен қайтыс болғандар бойынша 102-орында тұрғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы