Елімізде неміс компаниясы сирек металл өндіретін зауыт ашуы мүмкін

16 Қыркүйек 2024, 17:29
373
Бөлісу:
Елімізде неміс компаниясы сирек металл өндіретін зауыт ашуы мүмкін
Фото: Ақорда

Германия тарапынан сирек металдарға деген қызығушылығы зор. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Германия тарапынан сирек металдарға деген қызығушылық зор. Қазақстанда неміс компанияларының біреуі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания атауы - HMS bergbau AG. Олар литий бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер олар Қазақстанда литий тапса, немістер литий зауытын тұрғызуы мүмкін, - деді Шарлапаев Ақордада.

Еске сала кетейік, елімізге Германия канцлері Олаф Шольц келді. Неміс канцлері елімізге қандай мақсатпен келгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы