Елімізде нан бағасы өсуі мүмкін

29 Шілде 2021, 17:47
5973
Бөлісу:
Елімізде нан бағасы өсуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егіншілер одағы осындай болжам жасап отыр деп хабарлайды 24.kz. 

Оған қуаңшылық себеп. Бұл жағдай ішкі нарыққа қалай әсер етпек? Нан бағасы өсе ме? Биыл елде бидай түсімі азаяды. Орташа есеппен гектарынан 8,8 центнер өнім алынады. 

Мұндай болжамды Қазақстанның Егіншілер одағы жасады. Бір ай бұрын 10 центнер болады деп болжанған еді. Басты себеп - қуаңшылық. Одақ төрағасы Виктор Аслановтың айтуынша, маусым айындағы жауын-шашын да жағдайды өзгерте алмаған. Ал егер жиын-терім кезі жаңбырлы болса, жоғары сапалы өнім алу мүмкін болмай қалады. Оның орнын көрші елдерден әкелінетін өнім толықтарды.  

Жоспар бойынша, биыл Ресейден астықтың 2 млн тоннасы сатып алынбақ. Қуаңшылық Қазақстанды ғана емес, Орталық Азия елдерінің біразын титықтатып жіберді. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың көбеймесе, азаймайтынын білдіреді. 

Бидай бағасы көтерілуі мүмкін. Ал мұндай жағдайда ішкі нарықта қандай ахуал қалыптасады? Нан қымбаттай ма?

Мамандардың сөзінше, қуаңшылық пен еркін саудаға қарамастан, нан бағасы өседі. Жалпы мемлекет тарапынан нан өнімдерінің белгілі бір түрінің бағасы бақыланатынын да  айта кету керек.  


Өзгелердің жаңалығы