Елімізде мыңнан астам мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жасалды

19 Қазан 2023, 14:45
603
Бөлісу:
Елімізде мыңнан астам мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жасалды
Фото: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

2015 жылдан бастап Қазақстанда 1000-нан астам мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰЭМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Дүниежүзілік МЖӘ форумы өтті. 

Іс-шараға ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Алмаз Құсайынов қатысты. 

Форум барысында Орталық және Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің өкілдері МЖӘ тетіктерін қолданудың үздік тәжірибелерімен бөлісті.

МЖӘ ҚазОрталығының басшысы атап өткендей, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заң қабылданған сәттен бастап (2015 ж.) ҚР-да МЖӘ жобаларының, оның ішінде әлеуметтік салада белсенді өсуі байқалады. 

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елімізде 1 086 МЖӘ шарты жасалды. Атап айтқанда:

Қолданыстағы жобалар - 789 

Республикалық деңгейде - 15 

Жергілікті деңгейде - 774 

Іске асырылды - 297 

Қазақстан заңнамасында қолдау шараларының кең ауқымы көзделген: мемлекеттік меншік объектілерін 30 жылға дейінгі мерзімге пайдалану құқығы, коммуникациялармен қамтамасыз ету. Мемлекет объект құнының 30%-на дейін қоса қаржыландыруды, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтыну кепілдігін береді. Инвестициялық және операциялық шығындардың бір бөлігін өтейді. Субсидиялар мен басқа да шараларды ұсынады. 

Сондай-ақ МЖӘ ҚазОрталығы инвесторлар үшін тартымды ірі жобалар мен МЖӘ тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарларды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы