Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар

20 Сәуір 2023, 15:50
728
Бөлісу:
Елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қазіргі кезде елімізде 18 жасқа дейін мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту» туралы  брифинг барысында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Кудеринова мәлімдеді.

Инклюзивтік білім беру барлық баланы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамастан білім беру. Қазіргі уақытта елімізде мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар.

Соңғы жылдары нормативтік-құқықтық актілерге көптеген өзгеріс енгізілді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санаты кеңейтілді. Оларға әртүрлі экономикалық, әлеуметтік себептер бойынша, соның ішінде денсаулық жағдайы бойынша оқуда қиындықтарға тап болған барлық бала жатады,- дейді Әйгерім Кудеринова.

Ерекше білім беруді қажет ететін оның ішінде 0 жастан 3 жасқа дейінгі ерте жастағы – 7719 бала, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалар – 47726 бала, 6-16 жастан бастап мектеп жасындағы балалар – 117709 бала, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер – 14990 бала.

Өзгелердің жаңалығы