Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі

13 Желтоқсан 2022, 15:39
1248
Бөлісу:
Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі

Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инвестиция тарту үшін әлемдегі бәсекелестік жыл сайын күшейіп келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасына сай және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттері тәжірибесіне сүйене отырып, инвестициялық виза берудің төменгі шегін 300 мың АҚШ долларына (шамамен 140 млн теңге) дейін азайту қарастырылған, - деп айтты Еңбекмині өкілі.

Оның сөзінше, осы санаттағы мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылады. 

Бұл виза елде тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, жұмыскер жалдауға, қаржы төлемдерін жасауға және олардың кәсіпкерлік қызметінен туындайтын өзге де операциялар жүргізуге толық мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Ілияс Испанов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы