Елімізде мемқызметтің 93%-ы электронды түрде көрсетіледі

11 Ақпан 2022, 16:56
1536
Бөлісу:
Елімізде мемқызметтің 93%-ы электронды түрде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов елімізде 45 мемқызметтің 93%-ы электронды түрде көрсетілетінін айтты.

2021 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында оларды цифрландыру және трансформациялау бойынша бірқатар жұмыс істелді. Бүгінгі күні бұл салада 45 қызмет түрі бар. Соның 42-сі ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылған. Яғни оны электронды форматта алуға болады.

Сонымен қатар 21 қызмет проактивті түрде көрсетіледі.

Біздің басты бағытымыз қызмет түрлерін тек электронды түрге ауыстыру ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте проактивті түрге ауыстыру. 45 мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды түрде және 43%-ы проактивті түрде көрсетіледі, - дейді Оспанов.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы жүргізілген реинжиниринг және мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру олардың қамтылуын едәуір арттыруға мүмкіндік берді. 

Мысалы, бала туумен байланысты қызметтердің жалпы санынан 2021 жылдың соңына қарай проактивті қызметтердің үлесі 12%-дан 53%-ға өсті. Яғни жылына шамамен 440 мың дүниеге келсе, сол балалардың 240 мың анасы қызметті үйден шықпай-ақ, SMS арқылы алды. Бұл өте ыңғайлы. Себебі азаматтар ХҚКО-ға бармай, қызметті онлайн алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар көпбалалы аналар алатын қызмет түрі жылдың басында 1% проактивті түрде болса, ал жыл соңына қарай 41%-ға дейін өсті, - деп түсіндірді Еңбекмині өкілі.

Өзгелердің жаңалығы