Елімізде мектептердің 25 пайызында лицензияланған күзет жоқ

30 Мамыр 2023, 15:49
995
Бөлісу:
Елімізде мектептердің 25 пайызында лицензияланған күзет жоқ
Фото: автордан

Елімізде мектептердің 25 пайызында лицензияланған күзет жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру нысандарындағы қауіпсіздік жүйелері туралы баяндама жасады.

Елімізде мектептердің 25 пайызында лицензияланған күзет жоқ

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, еліміздің білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілген.

Білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталықтарына не ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығару 83%-ға немесе 5,5 мыңнан аса білім беру ұйымдарында қамтамасыз етілген. Нақтырақ айтқанда, 1 259 балабақша, 4 084 мектеп, 245 колледж. Лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету 75% құрайды. Олар - 568 балабақша, 1 210 мектеп, 169 колледж. Яғни нұсқаулық талаптарына сәйкес ірі қалаларда лицензияланған күзетпен 1 900-ден астам білім ұйымы шарт жасасқан, - деді Еділ Оспан.

Елімізде мектептердің 25 пайызында лицензияланған күзет жоқ

Оның айтуынша, күзет фирмаларына қосылған дабыл түймелерін орнатуды білім беру ұйымдарының 92%-ы аяқтады. Олар - 884 балабақша, 1 335 мектеп, 185 колледж.

Қазіргі күні жергілікті бюджетте білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен одан әрі қамтамасыз етуге 12 млрд 777 млн теңге мөлшерінде қаражат көзделген.

Өзгелердің жаңалығы