Елімізде маска мен залалсыздандыру құралдары жеткілікті

24 Сәуір 2020, 21:58
3585
Бөлісу:
Елімізде маска мен залалсыздандыру құралдары жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдына бетперделер өндірісінің көлемін тәулігіне 1 млн данаға дейін жеткізу туралы міндет қойылған.

Тігін кәсіпорындарын тарта отырып, қазірде бұл көрсеткішке қол жеткізілді. 

Бұрындары фармацевтикалық кәсіпорындардың қуаттылығы тәулігіне 170 мың дана болса, қазір 340 мың данаға жетті. Бұл "Дольче" ЖШС өндірісін кеңейту есебінен болды. Онда қысқа уақыт ішінде екі қосымша станок қойылып, қуаттылығын 3 есеге, яғни 60 мыңнан 180 мың данаға дейін ұлғайтты. Шикізаттың алғашқы партиясы Қытайдан 1 сәуірде әкелінді – делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпорындар өнімдерін "СҚ-Фармация" ЖШС арқылы дәріханалар желісі және өңірлерде қоймалары бар - "Акниет" ЖШС, "Медсервис" ЖШС, "Амир и Д" ЖШС, "Аманат" ЖШС, "Стофарм" ЖШС сияқты ірі дистрибьюторларға орталықтандырылған негізде таратады. Аталған кәсіпорындар бетперделерге бағаны 15% артық өсірмеу туралы міндеттеме алған.  

Алты отандық фармацевтикалық кәсіпорын медициналық бетперде шығарады:

"Dolce" (Алматы облысы) тәулігіне 60 мың дана;

"Super-pharm" (Жамбыл облысы) тәулігіне 70 мың дана;

"Mega Pharma" ЖШС (Жамбыл облысы) тәулігіне 50 мың дана;

"Medical Active Group" ЖШС (Алматы қаласы) тәулігіне 5-6 мың дана;

"Мерусар" ЖШС (Павлодар қаласы) тәулігіне 5 мың дана;

"ТК-Фарм Актобе" ЖШС (Ақтөбе қаласы) тәулігіне 15 мың дана.

Залалсыздандыру құралдарын өндіретін кәсіпорындар келесі қалаларда орналасқан: 

Павлодар қаласы - "Каустик" АҚ тәулігіне 20 т, "БО-НА" ЖШС жылына 240 т, "Казбытхим" ЖШС тәулігіне 6 т;

Алматы қаласы - "Microhim" ЖШС тәулігіне 7000 л,  "Аврора" ЖШС тәулігіне 15 000 л, "NazarGlabalTrade" ЖШС тәулігіне 7000 л, "Гиппократ" ЖШС тәулігіне 3000 л,  "Каз-Диа-Тест" ЖШС тәулігіне 20 000 л,  "Dosfarm" ЖШС тәулігіне 2 000 л, "Алмерек" ЖШС тәулігіне 1 000 л, "Султан" ЖШС тәулігіне 1 000 л;

Петропавл қаласы - "Радуга" ЖШС тәулігіне 5500 л;

Шымкент қаласы - "НПО Asem" ЖШС тәулігіне 4 т, "ТИН" ЖШС тәулігіне 240 л, "НПЦ Рауан" ЖШС тәулігіне 800 л, "TopSellerofChemicalProducts" ЖШС тәулігіне 8 т;

Ақмола облысы - "Завод бытовой химии" ЖШС тәулігіне 1000 л, "ГАЛА-КОСМЕТИК И К" ЖШС тәулігіне 1000 л, "Ардагер М Company" ЖШС тәулігіне 4 000 л, "Бай-Бек-Нур" ЖШС тәулігіне 1 000 л;

Алматы облысы - "Golden Time Group" ЖШС тәулігіне 2 000 л, "БАГАШАР МЕКЕН" ЖШС тәулігіне 100 т;

Костанай - "НПО МедиаДез" ЖШС тәулігіне 1000 л, "Эко-флора" ЖШС тәулігіне 15 000 л, "ALPHA-2050" ЖШС тәулігіне 4000 л, "Фармаком" Импэкс" ЖШС тәулігіне 80 л, "ТК "АРОМИКА" ЖШС тәулігіне 6 000 л, "Азимут" ЖШС тәулігіне 150 л;

Қарағанды облысы - "ГросФарм" ЖШС тәулігіне 2000 л;

Жамбыл облысы - "Амир и Д" ЖШС тәулігіне 1000 л, "БМ" ЖШС тәулігіне 10 000 л;

Батыс Қазақстан облысы - "Топан" ЖШС тәулігіне 600 л.

Ақтөбе облысы - "ТК ФармАктобе" ЖШС тәулігіне 6650 л, "Кентавр" ЖШС тәулігіне 57 000 л, "GRANT ADAL" ЖШС тәулігіне 3000 л,  "Splendor" ЖШС тәулігіне 3000 л;

Биылғы 23 сәуірде 120 170 литр залалсыздандыру құралы өнідрілді, қоймаларда 171 279 литр бар, дәріханалар желісіне, көшелер мен ғимараттарды залалсыздандыру үшін 123 348 литр жіберілді. Медициналық бетперделер мен залалсыздандыру құралдарын өндіру жұмысы жалғасуда - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы