Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді

11 Мамыр 2023, 16:17
1613
Бөлісу:
Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді
Фото: Арман Мухатов

Машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде.

Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді

Осы жұмыс аясында саланың да, оның секторларының да проблемалық мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау үшін бизнес-қоғам өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша оларды кешенді жоспар жобасына енгізу үшін машина жасау кәсіпорындарынан ұсыныстар жиналды. Кейіннен бұл ұсыныстар салалық қауымдастықтармен және машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен егжей-тегжейлі талқыланды, - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді

Оспановтың айтуынша, бұл құжат жай ғана кешенді жоспар емес, саланы дамыту үшін базалық жағдайларды жақсарту, ішкі нарықта отандық өнімді ілгерілету, машина жасау өнімдерінің экспортын ынталандыру және дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған машина жасауды дамытудың «стратегиясы».

Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді

Форум аясында машина жасау кәсіпорындарының қатысуымен өтетін секциялық отырыстарда әзірленіп жатқан кешенді жоспардың жобасы талқыланады. Форум қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді, олар кейіннен бизнес пен мемлекеттің қатысуымен іске асырылатын болады, - деді Оспанов.

Еске салсақ, бұған дейін Оспанов еліміздің өнеркәсібінде машина жасау - 6 пайыз екенін айтты. Бұл жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызы ғана.

Елімізде машина жасау саласын дамыту үшін арнайы жоспар әзірленеді
Өзгелердің жаңалығы