Елімізде мүлікке тыйым салу тәртібіне өзгерістер енгізілді

22 Шілде 2020, 10:53
3559
Бөлісу:
Елімізде мүлікке тыйым салу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушысынан басқа сот орындаушыларының барлық тыйым салуларының күші жойылады, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 

Осы жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. 
Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда адал сатып алушы әрбір сот орындаушысына өзінің тыйым салуларын алуы үшін жүгінуге тура келетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын, - делінген ақпаратта.
Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы осындай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті.

Айта кету керек, тыйым салынған мүлікті сату бойынша Бірыңғай электрондық сауда алаңы арқылы жүзеге асады. 2020 жылдың I жартыжылдығында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылды, ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңгені құрайтын  1415 лот сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң 2020 жылдың 8 шілдесінде күшіне енді.



Өзгелердің жаңалығы