Елімізде коронавирустың штамдары қалай анықталады?

13 Желтоқсан 2021, 20:23
1645
Бөлісу:
Елімізде коронавирустың штамдары қалай анықталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, «омикрон» штамына қатысты қолда бар деректер уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.

Қазір әлем елдері бұл штамның жылдам таралатынын айтып дабыл қағып жатыр. Бүгінде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған барлық сынама дәл солай «омикрон» штамының да бар-жоғын анықтай алады. Бұл дәлелдер, ДДСҰ-ның қорытындысы бар. Біздегі қазір қолданыстағы ПТР-сынамасы «омикронды» анықтай алады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ел аумағына шетелден жаңа штамды жұқтырған адам келсе, қанша уақытта диагноз қойылатынына да тоқталды.

Біздегі бар ПТР-сынамасы коронавирустың бар-жоғын айғақтайды. Ал оның қай штамға тиесілі екендігін анықтауға геномдық-секвенирлік әдіс қолданылады. Яғни вирустың геномдық тізбегін алып, ол коронавирустың қай штамына жататындығын анықтаймыз, - деді Айжан Есмағамбетова.

Еске сала кетейік, бұған дейін «омикрон» штамын кімдер жиі жұқтыратыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы