Елімізде коронавирус жұқтыру 2%-ға азайды

18 Тамыз 2021, 09:34
5177
Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтыру 2%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Сондай-ақ ол коронавирус инфекциясымен күрес шаралары туралы баяндады.

Әлемдегі эпиджағдай әлі де күрделі екендігін алға тартқан министр дүние жүзінде індет жұқтырған 208 млн жағдай тіркелген деп отыр. Тәулігіне 480 мыңнан астам жағдай анықталатын көрінеді. 4,3 млн-нан астам адам қайтыс болған.

ДДСҰ-ның алты аймағының төртеуінде шілденің екінші онкүндігінен бастап ауру өршіген. Әсіресе, жаңа жағдайлардың пропорционалды ұлғаюы Америка мемлекеттерінің өңірлерінде, Тынық мұхитының батыс бөлігінде тіркелді, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, ДДСҰ мүше 228 мемлекеттің 38-інде дерттің жаңа жағдайы 50%-дан астам деңгейге көбейген. Соңғы апта ішінде Әзербайжанда инфекция ушығып тұр. Бір апта ішінде аурушаңдық 131%-ға артқан.

Израильде 63%-ға, Жапонияда 21%-ға көбейген. Қазақстанда бір апта ішіндегі өсім 2%-ға төмендеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы