Елімізде көмір бір жылда 11% қымбаттады

14 Қазан 2022, 22:27
865
Бөлісу:
Елімізде көмір бір жылда 11% қымбаттады
Фото: BAQ.KZ

Қаңтар-тамыз айларында көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% -ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Экспорт 16,3%–ға артып, 20,9 млн тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату тек 1,4%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 45,7 млн тоннаны құрады.

 Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттады. Елімізде 1 тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. 

Ең қымбат көмір Тараз және Орал қалаларында сатылды: Жоғары баға Жезқазған, Алматы және Талдықорған қалаларында тіркелді. Ал үйді көмірмен жылыту экологиялық жағдайға әсер етеді.

«Қазгидрометтің» атмосфералық ауаның сапасы туралы анықтамасына сәйкес, 4-10 қазан аралығында ең лас ауа Қарағандыда байқалды. Одан кейін Астана және Алматы қалаларында байқалды.

Өзгелердің жаңалығы