Елімізде колледждерде кім тегін оқи алады?

Елімізде колледждерде кім тегін оқи алады?
454

Елімізде әлеуметтік осал топтан шыққан балалар колледжде тегін оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Басым бағыттардың бірі – әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды тегін білім берумен қамту. Бүгінгі күні колледждерде осы санаттағы балалар 9 бағыт бойынша қамтылған. Бұл бірінші кезекте жасалатын жұмыстардың бірі, - деп түсіндірді Шолпан Каринова. 

Сөзінше, биыл берілген мемлекеттік тапсырыстың 60%-ға жуығы осы санаттағы балаларды қамтып отыр.

Тегін біліммен қамтылатын әлеуметтік санатқа кімдер жатады:

1) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз; 

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

3) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;

4) қандастар үшін – 4 пайыз;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз;

6) қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтары үшін – 5 пайыз;

7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;

9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.

Бұған дейін 2023 жылы тағы 50 мың бала кәсіптік және техникалық білімді тегін ала алатынын жазған болатынбыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы