Елімізде көлемі бойынша 3-орында тұрған су қоймасы тазартылып жатыр

25 Шілде 2023, 16:05
783
Бөлісу:
Елімізде көлемі бойынша 3-орында тұрған су қоймасы тазартылып жатыр
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шардара су қоймасының түбін тазартуға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кететіні, су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша елімізде үшінші орында. Шардара су қоймасының соңғы батиметриялық түсірілімі (авт. - тереңдіктегі бірдей сызықтар туралы деректерді жинау процесі) 1977 жылы жүргізілген, сол кезеңдерде су қоймасының көлемі 5,2 млрд. м3 құраған екен.

Елімізде көлемі бойынша 3-орында тұрған су қоймасы тазартылып жатыр

Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан (соңғы 55 жылда шөгінді тұнбасының көлемі шамамен 20%-ды құрайды). Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізілді. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталды. Су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынды. Олар шөгінділердің арақатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілді. Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етеді, - делінген министрлік хабарламасында.

Экология министрлігінің мәліметінше, мұндай жұмыстар біздің елімізде алғаш рет жүргізілуде, бұл оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Шардара су қоймасының ағысы - 94 м3/сек жетеді. Ал көлемі-1 993 млн. м3. құрайды

Өзгелердің жаңалығы