"100 жаңа есім" жобасына дауыс беру мерзімі ұзартылды

20 Қараша 2019, 09:06
2349
Бөлісу:
"100 жаңа есім" жобасына дауыс беру мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған "Қазақстанның 100 жаңа есімі" ауқымды жобасына  дауыс беру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ұйымдастырушылар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті достар, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" үшінші кезеңінің дауыс беру мерзімі 25 қарашаға дейін ұзартылды. Біздің техникалық қызмет жекелеген кандидаттар тарапынан дауыс беру барысында бірқатар манипуляцияларды тіркеді. Олардың арасында дауыстарды айналдыру бойынша сервистерді пайдалану, бір IP мекенжайдан жаппай дауыс беруге әрекет ету сайт жұмысының баяулауына алып келді. Енді біз 25 қарашаға дейін әділ дауыс береміз деп үміттенеміз, - деп жазды ұйымдастырушылар.

Жобаның  мақсаты Қазақстанның дамуына, қоғамның жақсаруынан ықпал етіп жүрген 100 жаңа есімді анықтап, оларды көпшілікке үлгі ету. Ал ең лайықты азаматтары таңдау үшін 100janaesim.ruh.kz сайтты арқылы дауыс беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы