Елімізде Кавасаки синдромымен 45 жағдай тіркелген

7 Қазан 2020, 17:24
1525
Бөлісу:
Елімізде Кавасаки синдромымен 45 жағдай тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.  


Мультисистемалық қабыну синдромы бойынша бүгінгі таңда елімізде 45 жағдай тіркелген. Жас ерекшеліктері бойынша бір жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай, 1-5 жас аралығында 11 жағдай, 5-17 жас аралығында 28 жағдай анықталды. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды. Аталмыш дерт бойынша ең көп тіркелген өңірлер – Нұр-Сұлтан (11 бала), Ақмола, Қарағанды облыстары және Алматы қаласында 5 жағдай, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкентте 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде 2 жағдайдан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 жағдайдан тіркелген. Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты, біреуі стационарда әлі ем қабылдап жатыр, - деді ол.


Айта кетейік, Кавасакиге ұқсас синдром Қазақстанда алғаш рет тамыз айында тіркелген болатын.
Өзгелердің жаңалығы