Елімізде IT компанияларының 65 пайызы Алматыда шоғырланған

13 Желтоқсан 2023, 14:17
492
Бөлісу:
Елімізде IT компанияларының 65 пайызы Алматыда шоғырланған
Фото: автордан

Оңтүстік асатанада IT саласына 6 миллион доллардан астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқарма басшысының орынбасары Серік Байғанин баспасөз орталығында атап өтті.

 Алматы қаласында IT саласы маңызы жағынан басым бағыттардың бірі болып қала береді. Шаһарда Қазақстанның бүкіл IT компанияларының 65 пайызға жуығы шоғырланған. Алматы қаласының әкімдігі өткен жылдың соңынан бері IT саласын қолдау үшін көптеген жұмыстар атқарып келеді. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша біз MOST Holding бизнес-инкубаторымен келісімшарт жасастық. Компания келісімшарт негізінде 2023 жылы қызықты іс-шаралар, форумдар, зерттеулер, кездесулер және оқыту іс-шараларын өткізді. Соның арқасында биыл келесідей көрсеткіштерге қол жеткіздік: біз IT саласына 6 миллион доллардан инвестиция тарта алдық, жоғары білікті, жоғары ақы төленетін 665 жұмыс орны құрылды, 3000-нан астам белсенді жастар айтылған іс-шараларға тартылды және 8 стартаптың өнімі шет мемлекеттерге сатылып, пайда әкелді. Егер басқа салалар Алматы қаласында немесе жалпы Қазақстанда дәл осылай дамымаған болса, IT саласының өте жоғары экспорттық әлеуеті бар. Дамыған елдермен салыстырғанда IT саласында еліміздің көрсеткіштері өте жоғары және әрі қарай дамытуға да жоғары перспективалары бар, – деді Алматы қаласы Цифрландыру басқарма басшысының орынбасары Серік Байғанин.

Өзгелердің жаңалығы