Елімізде ішкі туристер саны 9 млн-ға жетуі керек

16 Ақпан 2024, 15:20
410
Бөлісу:
Елімізде ішкі туристер саны 9 млн-ға жетуі керек
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы туризм және спорт министрінің алқа мәжілісінде Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,4 млн отандық азамат ел ішінде саяхат жасадыған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 550 мың адамға көп.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 9 млн адамға жетеді деп болжанып отыр. Сонымен қатар орналастыру орындарында қызмет көрсетілетін шетелдік туристер санының айтарлықтай өсуі тіркелді. 2023 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп 830 мыңнан аса адамға жетті. Есептік кезеңде қонақ үйлер, демалыс базалары, жатақханалар және басқа да орналастыру орындары 175 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі табыстармен салыстырғанда 36%-ға ұлғайған, - деді Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы