Елімізде ірі компаниялар саны артқан

10 Маусым 2019, 15:58
1745
Бөлісу:
Елімізде ірі компаниялар саны артқан

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда тіркелген ірі компаниялар саны бір жылда 3,9% артқан. 2019 жылдың сәуір айының соңында олардың саны 2,46 мыңға жеткен, оның ішінде 2,38 мыңы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Жұмыс істеп тұрған ірі компаниялардың басым бөлігі Атырау облысында тіркелген. Онда тіркелген компаниялардың 17,6%-ы орналасқан немесе 120 мекеме. Екінші орында Маңғыстау облысы: 12,8%, 97 ірі компания. Үштікті 7,6%-ға өсім байқалған Нұр-Сұлтан қаласы тұр, онда 299 компания тіркеліпті. 

Алматы қаласында 537 мекеме бар, бір жылдағы өсім 5,7%.

Бір қызығы өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы өсім анағұрлым жоғары, бірден  22,9% өсіп, 43 компанияны құраған.

Сонымен қатар, әкімшілік және көмек көрсету қызметі саласындағы өсім 21,1%-ды құраған, ал тамақтану және уақытша тұру қызметтері 16,1%-ға өскен.

Өзгелердің жаңалығы