Елімізде инновациялық идеялар фестивалі өтеді

6 Тамыз 2019, 13:34
3037
Бөлісу:
Елімізде инновациялық идеялар фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Bolashaq" Қауымдастығы Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы мен Jastar Otanga инновациялық идеялар фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы мен Jastar Otanga инновациялық идеялар фестивалі "Азаматтар бастамалар орталығы"  КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. 

"Қазіргі таңда Жастар жылына орай көптеген шаралар жүзеге асырылып келе жатыр. 2019 жылы Жастар жылына орай Жол картасы дайындалып, жастар бойынша шешуді талап ететін мәселелерді бес бағытқа бөліп, шаралар орындалып жатыр. Бірінші, жастарды үймен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 3000 жасқа баспана беру мәселесі шешіліп, ережелері бекітілді. Осы үш қаланың әрқайсысындағы мың жасқа 5 жылға жалдамалы пәтер беріліп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке байланысты "Жас кәсіпкер" жобасы қолға алынды. Жастар арнайы дайындық курстарынан өткеннен кейін 500 мың теңгелік грант беріледі немесе 3 млн теңгелік несие беріледі. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап волонтерлікпен айналысатын жастарға сағатына мың теңге ақша төленеді. Ол ақшаны оқуына немесе басқа да қажеттілігіне жұмсауына болады", - дейді ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет. 

Ал жоғарыда аталған екі жобаның басты мақсаты - іс-шараларды ұйымдастыруда, мемлекеттік органдармен жұмыс жасауда тиімді ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін аймақтардағы ҮЕҰ жастарына қолдау көрсету. Жоба еліміздегі 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Сонымен қатар, жобаға еліміздегі жастар ұйымдары, жастармен қарым-қатынастағы ҮЕҰ-лар, жастар ресурстық орталықтары қатыса алады.

Жобалар туралы толық мәлімет Bolashaq қауымдастығының bolashak.kz сайтының жобалар бөлімінде жазылған.
Өзгелердің жаңалығы