Елімізде ХҚКО жұмысы жетілдіріледі

4 Қазан 2023, 10:37
813
Бөлісу:
Елімізде ХҚКО жұмысы жетілдіріледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мәжіліс жалпы отырыста мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Данабек Исабековтың айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру мақсатында бастама жасады.

Заң жобасында мынадай мәселелер қарастырылған: Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжетімділігі бар мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға жатқызу. Сонымен қатар Қылмыстық кодекске және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға өзгерістер енгізіліп жатыр, - деді депутат.

Оның сөзінше, бұл түзетулер Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан теріс пайдалану мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Қолданыстағы заңнамада көзделген құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның осы қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендерге теңестірілген ретінде жауапты болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымын одан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру көзделген.

Бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту бойынша үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік корпорацияға ақпараттық жүйе шеңберінде өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру. Бұл норма азаматтарға әкімшілік органдарға жүгінуге, жауап алуға, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылауға мүмкіндік беретін пилоттық режимде тексерілген жүйені («Е-отініш») пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы