Елімізде ғалымдардың жалақысы өседі

29 Қазан 2021, 13:47
120919
Бөлісу:
Елімізде ғалымдардың жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева ғалымдардың жалақысы өсетінін айтты.

Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде ғылымға қатысты арнайы бөлік бар. Яғни ғылым, ғылымды дамыту – технологиялық серпілістің бірден-бір көзі, негізі. Ұлттық жобада 4 негізгі бағытта ғылым дамытылады, - деді ол.

Қазіргі кезде еліміз бойынша ғылым саласында 22 665 адам қызмет етеді.

Әрине, бұл - аз. 883 адамға бір ғана ғалымнан келеді деген сөз. Ұлттық жобада бірінші кезекте ғылымды дамыту үшін ғылыми әлеует болуы керек. Сондықтан 2025 жылы ғалымдар санын 34 мыңға көбейуді жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Жанна Құрманғалиева.

Ол ғалымдар санын қандай шаралар арқылы көбейтетіндерін айтты.

Алдымен ғалымдардың жалақысы өседі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жетекші ғалымдардың жалақысын заңнамаға енгізуге қатысты тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма орындалады. Нәтижесінде еліміздің жетекші 1 200 ғалымының жалақысы тұрақты түрде, конкурстан тыс қаржыландырылады. Бұл ғалымдар 69 мемлекеттік ғылыми ұйымда қызмет етеді, - комитет төрағасы ОКҚ-да.

Оның айтуынша, жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлініп отырады. Бұл гранттар докторлықты қорғаған жас ғалымдарға бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы