Елімізде «Enbek» мобильді қосымшасы іске қосылды

26 Желтоқсан 2022, 19:09
1222
Бөлісу:
Елімізде «Enbek» мобильді қосымшасы іске қосылды

Электрондық еңбек биржасында көрсетілетін жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді енді смартфонға арналған қосымша арқылы алуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Enbek.kz мобильді нұсқасы сайтпен толығымен синхрондалған және қазірдің өзінде жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндік береді.

«Enbek» мобильді қосымшасында пайдаланушылар өздерін қызықтырған бос жұмыс орындарын қарап және жұмыс берушілерден шақырулар ала алады. Push хабарландыруларының ыңғайлы мүмкіндігі түйіндеме мен жауаптарды, сұхбатқа шақыруларды және жұмыс берушінің әңгімелесу нәтижелері бойынша шешімдерін қарау туралы ақпаратты өткізіп алмауына көмектеседі.

Қосымша пайдаланушыға түйіндеменің қаншалықты толық толтырылғанын, жұмыс берушінің оған назар аударуы үшін тағы не қосуға болатынын айтады. Ал ізденушіні қызықтыратын сала бойынша жаңа бос жұмыс орындарын жіберіп алмау үшін іздеу параметрлерін сақтап, қолайлы бос жұмыс орындары туралы хабарлама алуға болады, – деді «ЕРДО» АҚ Жұмыспен қамту саласындағы цифрлық қызметтер департаментінің директоры Николай Брюханов.

Сонымен қатар қосымшада жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі бар. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет емес, тек мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

ЭЕБ-да әрдайым мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарының кең таңдауы бар. Олар қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос орындар.

Келешекте қосымшаның функционалдығы кеңейіп, жаңа сервистер мен қызметтер қосылады. Қосымша барлық пайдаланушылар үшін тегін және PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді, – деді Николай Брюханов.

Өзгелердің жаңалығы