Елімізде Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды

27 Мамыр 2023, 09:40
889
Бөлісу:
Елімізде Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ол hr.enbek.kz  еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған, бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, 

Enbek HR мобильдік қосымшасында жеке кабинетте жұмыскерлер өздерінің еңбек шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы және жеке ісінен ақпаратты жүктей алады – фото, жеке куәлік, паспорт деректері, білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтер, 075/Е медициналық анықтама, психо/нарко/туб. диспансерлердегі есеп мәліметтері және т. б.

Қосымша арқылы немесе Порталдағы жеке кабинетте жұмыскер жұмысқа орналасу үшін электрондық жеке істі қалыптастыру мақсатында жұмыс берушіге аталған дербес деректерге қол жеткізуге өзінің келісімін растай алады.

Еңбек шарты бойынша маңызды емес мәліметтер анықталған жағдайда, қызметкердің еңбек шартының деректерін өзгертуге, еңбек шартын бұзу туралы ақпарат енгізуге немесе алып тастауға сұрау салу мүмкіндігі бар.

Сұрау салуды қалыптастыру үшін «еңбек шартын» таңдау, «деректерді бұзу, жою немесе өңдеу» әрекетін таңдау, міндетті мәліметтерді көрсету, растайтын құжатты (JPG, JPEG, PNG, PDF форматында) қоса беру және қосымшада SMS-хабарлама арқылы алынған кодпен растау қажет. Жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін сұрау салу порталдағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне қарауға жіберіледі, жұмыс берушіден үш жұмыс күні ішінде іс-әрекет болмаған жағдайда уәкілетті орган сұрау салуды қарайды және үш жұмыс күні ішінде де шешім қабылдайды.

Қосымшаның қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөмірдің болуы жеткілікті. Егер қызметкер бұрын Порталда тіркелген болса, онда мобильді қосымшада қайта тіркеу талап етілмейді – авторизация портал үшін қолданыстағы логин мен парольмен жүзеге асырылады.

Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы бар азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамту шараларын ала алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді, Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады.

Enbek HR қосымшасы тегін және PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы