Елімізде екі күнде көші-қон заңнамасын бұзған 2 890 құқық бұзушылық анықталды

22 Ақпан 2023, 14:04
834
Бөлісу:
Елімізде екі күнде көші-қон заңнамасын бұзған 2 890 құқық бұзушылық анықталды
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда шетелдіктердің болу тәртібін қамтамасыз ету мен көші-қон заңнамасын бұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 ақпаннан бастап “Мигрант” жедел-профилактикалық шара өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер шетелдіктердің тұратын мекенжайлары, құрылыс объектілері, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеріп жатыр.

Операцияның алғашқы екі күнінің нәтижелері бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 2 890 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1 614 шетелдіктің мемлекетте болу тәртібін бұзуы, 769 шетелдіктің заңсыз жұмыс жасап жатқан фактілері мен 152 заңсыз жұмыс күшін пайдалану фактілері анықталды.

Полиция шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны уақытылы жолдамаған 1 124 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 186 шетелдік Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды. Оның ішінде 36 шетелдік мәжбүрлі түрде тыс шығарылды. Барлық шетелдіктерге Қазақстанға келуіне 5 жылға дейін тыйым салынған.

Өзгелердің жаңалығы