Елімізде Денсаулық қауымдастығы құрылды

28 Қаңтар 2021, 13:15
1557
Бөлісу:
Елімізде Денсаулық қауымдастығы құрылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Аман-саулық» ҚҚ инфекциялық емес аурулардың қауіп факторын азайту жөніндегі «Денсаулық» қауымдастығының құрылғанын мәлімдеді. 

Қауымдастықты құрудың бастамашысы әрі «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова адамдардың өмір сапасы мен оның ұзақтығы денсаулыққа тікелей байланысты екенін айтады. Денсаулық көбінесе біз жейтін тағамдар мен өмір салтына, сондай-ақ медициналық  қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты көрінеді. 

Әлемдік үлгіге қарасақ зиянды азайту стратегиясы арқылы денсаулыққа қауіпті азайту үшін күш пен тәжірибені біріктіру маңызды. Сондықтан Қазақстанда инфекциялық емес аурулардың қауіп факторын азайту мәселелерімен мақсатты түрде айналысатын «Денсаулық» қауымдастығын құру уақыты келді. Бұл ғалымдар, медицина қызметкерлері, бизнес, БАҚ және ҮЕҰ одағы болады. Қауымдастықтың қызметі денсаулыққа зиянды азайту стратегиясын әзірлеу, халық арасында дұрыс өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, шетелдік ұйымдармен, ғылыми қоғамдастықтармен әріптестік қатынасты жолға қоюға бағытталады,-дейді ол.

Сонымен қатар ол, тәжірибелі дәрігерлерді, бизнес пен ҮЕҰ өкілдерін ынтымақтаса жұмыс істеуге шақыратынын жеткізді.

2017 жылдың мамыр айында «Аман-саулық» ҚҚ базасында инфекциялық емес аурулардың тәуекел факторларын төмендету бойынша жұмыс құрылған. Оның құрамына Б. Түменова бастаған республиканың сараптамалық қоғамдастығы мен мемлекеттік органдарының 11 өкілі кірген. 

Жұмыс тобының мүшелері осы аралықта Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Ұлыбритания, Австрия, Израиль және Американың халықаралық ғылыми қоғамдастықтарымен серіктестік орната білген. 

Аурулардың қауіптілігін төмендетумен мәселесімен алғаш 2000 жылдары білдім. 1980 жылдардың соңында  ВИЧ инфекциясының таралуы жүрді және бәріміз одан қатты қорықтық. Ковид сияқты оны емдеу жолдары белгсіз болды. 2000 жылы Теміртауда ВИЧ бойынша халықаралық конференция өтті. Сонда оның қауіптілігін төмендету мәселесі алғаш рет көтерілді. Яғни оларды екпе инелерімен, мүшеқаптармен қамту мәселесі айтылды. Сондай-ақ оған қарсы шығып, оларды оқшаулап, емдеу керек дегендер табылды. Алайда мен бұл ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың ғана проблемасы деп қарағанымыз дұрыс болмайды, ол жалпы қоғамның проблемасы деген ойымды айттым. Егер біз олардан бастартып емдемесек, ол инфекция ертең біздің ортамызға келер еді. Сондықтан кез келген ауруды жан-жақты саралап, оның қауіптілігін төмендетуге жұмыла жұмыс істеуіміз керек,-дейді Б. Түменова.


Өзгелердің жаңалығы