Елімізде былтыр 400-ге жуық фильм түсірілді

29 Сәуір 2024, 19:51
375
Бөлісу:
Елімізде былтыр 400-ге жуық фильм түсірілді
Фото: Арман Мухатов - Архив

2023 жылы Қазақстанда 387 фильм түсірілді, алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 56 бірлікке артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, барлық түсірілген фильмнің тек 25% толықметражды болса, қалған 75% – қысқаметражды.

Толық метражды фильмдерден:

35 – ойын

50 – деректі

3 – анимациялық

9 – хроникалық

Кино түсрімен айналысқан кинематография ұйымдарының саны 98 болса, 2022 жылы олардың саны 67 болған.

2023 жылы барлық киносеансқа барушылардың 39% ұлттық киноны көрген – бұл бір жылдағы 20 млн көрерменнің 8,2 млн-ы.

Жалпы елімізде 113 кинотеатр бар. Олардың көпшілігі Республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы (21 бірлік), Астана (10 бірлік), Шымкент (10 бірлік). Өткен жылы барлығы 985 мың киносеанс өткізілген.

Өзгелердің жаңалығы