Елімізде «Бірінші отбасылық автомобиль» бағдарламасы әзірленеді

29 Қаңтар 2022, 11:48
1729
Бөлісу:
Елімізде «Бірінші отбасылық автомобиль» бағдарламасы әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқалары қарастырылып жатыр. 

Соның бірінде көп балалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарлама қосу ұсынылады. 

Сондай-ақ, "Бірінші отбасылық автомобиль" кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Ол 20 жылға есептелген және "револьверлік" әдіске негізделген. Қаржыландырудың жалпы шегі - 82 млрд теңге. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған, - делінген ақпаратта.

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының шарттары:

- 1 жеңіл автокөлік құны 15 млн. теңгеден;

- несие мерзімі - 7 жылдан;

- соңғы қарыз алушы үшін номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы тиіс;

Соңғы қарыз алушы ЕДБ алдындағы несиесін өтеген кезде қайтарылған қаражат есебінен отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға қайта несие беріледі.

Бүгінгі таңда осы бағдарламамен сатып алу үшін елімізде құрастырылған: Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автомобильдер қолжетімді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы