Елімізде бір күнде үш орман өрті тіркелді

Қазіргі уақытта өрт ошақтарындағы жағдай бақылауда.

 gov/kz 14 Қыркүйек 2026, 22:28
14 Қыркүйек 2026, 22:28
86
Фото: gov/kz
14 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді.

Өрттің екеуі Шығыс Қазақстан облысында, біреуі Қарағанды облысында болған.

Өрт ошақтарына байланысты тиісті жұмыстар жедел ұйымдастырылды. Оларды сөндіруге орман шаруашылығы мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен қатар өрт сөндіру жұмыстарына "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлері тартылды. Әуе арқылы бақылау және өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарындағы жағдай бақылауда.

Наверх