Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

22 Желтоқсан 2022, 11:30
1205
Бөлісу:
Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты
PHOTO
Фото: ҚҰБ баспасөз қызметі

21 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкі "Сақ стилі" айналымдағы биколорлы монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сақ стилі" монета бағдарламасының идеясы - Қазақстан халқын монеталар коллекциясын жинауға белсенді түрде тарту, мәдени-тарихи және ағартушылық құндылықтарды алға тарту, сондай-ақ, отандық монета өндірісін танымал ету.

Сақ стилі - Еуразия даласының кейінгі қола және ерте темір дәуірі мәдениетіндегі жануарлардың бейнелерін орындаудың ерекше тәсілі.

"Сақ стилі" айналымдағы биколорлы монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 миллиметр болатын әр түрдің 1 000 000 (бір миллион) данасымен, жалпы таралымы 5 миллион данамен uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған айналымдағы биколорлы монеталардың бес түрі ұсынылды.

"Бұғы". Жалаулы көмбесі. Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырлар аралығы). Көшпенділердің дүниетанымындағы бұғы - төменгі және  жоғарғы  әлемдерді  біріктіретін  символ.

Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

"Қанатты барыс". Есік қорғаны (біздің  дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырдың аяғы). Қар барысы - ерлік пен байлықтың символы.

Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

"Маска". Шілікті. Шығыс Қазақстан (біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII-VII ғасырлар аралығы). Отбасы, ошақ қасын қорғайтын үш кескіннің бейнесі - мысық тектес жыртқыш, екі арқар және ұшатын құс маскасы.

Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

"Бұғы түріндегі алтын әшекей". Жалаулы, Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырлар аралығы). Қызыл бұғы бейнесі - молшылық пен ұрпақ жалғастығының символы.

Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

"Бүктетілген барыс". Талды-2. Орталық Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасыр). Бүктетілген барыс фигурасындағы сақина пішіні - уақыттың ауысымдық және сыртқы әлеммен үйлесімділік символы.

Елімізде айналымға ерекше коллекциялық монета шықты

Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады. Бұл "Сақ стилі" сериясындағы монеталар - заңды төлем құралы және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, яғни, тауар алғанда және белгілі бір қызмет үшін төлем құралы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуы және аударылуы, ұсақталуы және айырбасталуы тиіс.

Монеталардың техникалық және нақты өлшемдері (массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл қорытпасы) өзгеріссіз сақталған. Техникалық сипаттамалары жағынан олар номиналы 100 теңгелік монеталарға толығымен сәйкес келеді. Сол себепті "Сақ стилі" монеталарын қабылдау үшін төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы