Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

26 Ақпан 2022, 17:22
3047
Бөлісу:
Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді
PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ұлтаралық достықтың кепілі саналатын әрі елімізде алғаш ашылған Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құруды мақсат еткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы бірқатар нақты қадамдар атап өтілген еді. Ал Жаңа Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету үшін ел ішіндегі бірлік пен келісім басты құныдылығымыз екені де белгілі.

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді
Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Мемлекеттік саясатымыздың басымдықтары болып табылатын, Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп жатқан Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі биылғы жылы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Айтулы күнге орай көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жұмысы 22 этномәдени бірлестік пен 27 шығармашылық ұжымның қызметімен шектелмей, қоғамдық институттар арқылы өзінің жұмысына ғалымдар, медиация саласы мен тұрмыстық қарым-қатынастағы сарапшыларды, үкіметтік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартуда. Тұрғындардың барлық санаттарына ашық диалог құру алаңдарын ұсынып, кеңес беру орталықтарына айналған. Бұл ретте Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, Медиация орталықтары, меценаттар мен журналистер клубы жұмыс істейді, – дейді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары Жанар Алқанова. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Бүгінде аталмыш ұйымның толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалып, ол орталық ретінде облыстың аудан –қалаларындағы 13 Достық үйі – қоғамдық келісім орталықтарына әдістемелік көмек көрсетіп, жұмыстарын үйлестіріп келеді. Қазіргі уақытта бұл салада 94 адам қызмет етеді. Бұдан бөлек, қалалық және аудандық Достық үйлерінің жандарында 114 этномәдени бірлестіктер құрылған. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы жұмысының маңызды бағыттарының бірі деп – Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының жұмысын атап өтуге болады. Облыс орталығындағы Жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ортақ, бірлескен жобалары жүзеге асырылуда. Мысалы, «Толеранттылық мектебі», «Ұрпақтар сабақтастығы – қоғамдық сананы модернизациялау факторы» атты семинар-тренингтер, «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер» атты ғылыми-практикалық конференция. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық институттары - Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестері - әрбір қала мен ауылдық округте құрылып, олар өз отырыстарында әлеуметтік қолдау, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, балаларды тәрбиелеу, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және басқа мәселелерді қарастыруға атсалысады. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жанжалды жағдайлардың алдын алу, медиация институтын дамытуға арналған «Шығыс Қазақстан - жанжалсыз аумақ», отбасы құндылықтарын дәріптеуге, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша «Отбасы – мемлекет негізі»  атты жобаларды жүзеге асыруға ат салысады.  Мысалы, карантин кезінде Аналар кеңесінің мүшелері ажырасу алдында тұрған  жас  отбасылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде көптеген отбасының шаңырағы шайқалмай, аман қалды, – дейді Жанар Алқанова. 

Оған қоса, ақ жаулықты әжелер жас қыздарға арналған отбасылық құндылықтарды сақтау, бақытты отбасын құрудың құпиялары, балаларды тәрбиелеу туралы кеңестер  беріп, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Қазіргі күні өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 медиация кабинеті  ашылып, оларда 116 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығындағы осындай кабинетте кәсіби және кәсіби емес медиаторлар азаматтарға түрлі мәселелер бойынша кеңес береді. Жалпы, өткен жылы облыс бойынша 1852 қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және отбасылық-тұрмыстық істер қаралса, оның 846-на кеңестер беріліп, 1006-сы медиативтік келісімге келді. Сонымен қатар, орталықта түрлі форматтағы 31 іс-шара өткізілді. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қызметі меценаттар клубы мүшелерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып, елді біріктіретін факторға айналған өзара көмек қолын созу және бауырмалдылыққа негізделген. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен былтыр 85 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, еріктілер «Біз біргеміз!», «Мың алғыс» және «Мектепке апарар жол» сияқты қайырымдылық акцияларына қатысып, «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны жүзеге асырды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты бес жылға арналған жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты Шығыс Қазақстан халқының рухани мәдениетінің мұрасы ретінде фольклорды, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді зерттеу және сақтау болып табылады, – дейді Жанар Алқанова. 

Аталған жоба барысында қазақ, орыс және татар фольклорын зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижелері «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы фольклорының энциклопедиясына» жинақталады. Аталмыш энциклопедия биыл жарияланады деп жоспарлануда.

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Сонымен қатар, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін және облыс аумағында тұратын басқа да этностардың тілдерін оқытуға жағдай жасау үшін «Шығыс Қазақстан облысы халқының тілдерін түлету мектебі» жұмыс істейді. Мұнда неміс, корей, белорус, украин, татар, әзірбайжан, армян, шешен, түрік тілдері және иврит сияқты басқа этностардың тілдері оқытылады. Үстіміздегі оқу жылында этникалық тілдерді оқыту топтарының саны 21-ді құраса, қазақ тілін оқыту топтарының саны – 35 топ. Ал олардағы тыңдаушылардың жалпы саны 1517 адам.

Корейлер қауымдастығы және орыс мәдени орталығының бастамасымен Қанат Тасыбековтың ситуативті қазақ тілін оқыту бойынша «Мәміле» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, тіл оқыту курстарында Вячеслав Тэннің «Қазақ тілінің жанашыры» атты қазақ тілін жеделдетіп оқыту әдістемесі қолданылады. 2021 жылдың басынан бастап басқа этностардың жастарын қазақ тілін үйренуге тарту және қазақ халқының ұлттық музыка өнерін насихаттау мақсатында домбыра үйірмесі ашылып, осының негізінде этномәдени бірлестіктер мүшелерінің бастамасы бойынша «Достық» ұлт аспаптық ұжымы құрылды, – дейді Жанар Алқанова. 

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен Достық үйлері өткен жылы 143 мыңнан астам адамды қамтыған 1543 іс-шара ұйымдастырды. Олар қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, патриоттық және қайырымдылық акциялары, жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін талқылау және шешу, отбасылық құндылықтардың рөлін арттыру, жас отбасыларды қолдау бойынша диалогтік алаңдар ретінде өткізілді. 

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, облыста тұратын этностардың өзіндік мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен тілдерін жаңғырту және дәріптеу, дамыту және сақтау идеясы этномәдени орталықтардың жұмысының негізі болып табылады. 

Жастармен жүргізілетін жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтсақ, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Жастар ұйымдарын біріктіру мақсатында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы және Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығы құрылды, биылғы жылы олар «Ассамблея Жастары» болып жұмыстарын жалғастыруда. Ассамблея жастары #Birge#TazaQazaqstan акциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елі» экологиялық-туристік экспедициясына, «PRодвигай себя» форумына, «Рухани қазына» квестіне, #Менелімніңертеңі, #МенАбайдыоқимын, #Масқа тағайық  сияқты челленджілерге белсене қатысуда. Жастар арасында этносаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру, бір командаға біріктіру мақсатында имидждік акциялар, челлендждер, зияткерлік квесттер ұйымдастырылып, «ЭтноКвиз» зияткерлік жастар турнирі өткізілді, – дейді Жанар Алқанова.

Сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат беру мақсатында аудандық Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған «Жастарды қолдау шаралары, мемлекеттік гранттар», «Бизнестегі сауаттылық», «SMM технологиялар» атты көшпелі оқыту семинар-тренингтері өткізіліп тұрады.

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Оған қоса, жастардың еріктілер қозғалысы дамып келеді. «Bir Alem» еріктілер қозғалысы орталығына Шығыс Қазақстанның ең жаңашыл деген жастары кіреді. Оның мақсаты – қажет жағдайларда шұғыл көмек көрсету және әрекет ету болып табылады. Еріктілер жұмысының жарқын мысалдарының бірі - Риддер қаласындағы ірі өрттен зардап шеккендерге көмектесіу болды. Бір түннің ішінде еріктілер қаражат жинап, керекті заттар мен азық-түлік тиелген жүк көлігін жолға шығарды. Өрттен кейінгі келесі күні-ақ еріктілер оқиға орнына барып, зардап шеккендерге көмек көрсетті. 

Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің халықаралық ынтымақтастығы негізінде Алтай өлкесімен қазақ мәдени орталығына әдістемелік көмек көрсету, Алтай университетімен ғылыми-сараптамалық топтың жұмысын жолға қою, Новосибирск облысымен, Татарстан Республикасымен облыстағы татар этномәдени орталығының мәдениет саласында байланыс орнатуына, Моңғолиямен қазақ жастарын облыстағы жоғары оқу орындарына тартуға бағытталған меморандумдарға қол қойылып, шекара маңы ынтымақтастығы дамуда.

Елімізде алғаш ашылған Достық үйі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Жыл сайын жазғы маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері ұйымдастырылады. Бірнеше күн бойы барлық өңірлерден келген жастар «Дарын» жазғы сауықтыру лагерінің базасында бас қосып, тәжірибе алмасып, іс-шара барысында облыс орталығындағы этноауылға барып, «Рухани қазына» тарихи квестіне қатысады. Лагерьге келушілер өз-өзін дамыту дағдыларын меңгеріп, командада жұмыс істеуге үйреніп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарының жетістіктерімен танысады, – дейді Жанар Алқанова.

Жыл сайын облыста жастардың қатысуымен «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясын ұйымдастырылады. Акцияның негізгі мақсаттары киелі тарихи мұра ескерткіштерін сақтау және насихаттау, мәдени-рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жастарды тарту. Қазақстандық жастардың қасиетті жерлерге деген құрметі, олар туып өскен жерге деген сүйіспеншілігі, туған жердің мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыруға ықпал ететін жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Акция барысында біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырдағы қорымдары  Берел қорғандарына, қола дәуірінің ескерткіштеріне жататын - Ақбауырға, Ұлы Абайдың туған жері - Жидебайға саяхат ұйымдастырылады. 

Достық үйінің қызметін ақпараттандыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты, Facebook, Instagram, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі интернет парақшалары жұмыс істейді. Ай сайын «Ассамблея жаршысы - Вестник Ассамблеи» газеті, ақпараттық бюллетеньдер, әдістемелік құралдар шығарылып тұрады. Бұл ретте, Журналистер клубының жұмысын атап өтуге болады. Жұмыстың жаңа бағыттарын енгізу мақсатында 2021 жылы этнотеатр ашылып, Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада алғаш қойылымының тұсауы кесілді, – деп қосты Жанар Алқанова.

Осы жетістікпен тоқтап қалмауды ұйғарған «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» мекемесі алдағы уақытта да қоғамдық институттарға, волонтерлік және жастар қозғалысына жаңа мүшелерді тарту, қоғамдық келісімді, азаматтық бірегейлікті нығайту жөніндегі жұмысты кеңейту, мемлекеттік тілді үйрену сияқты жұмыстар мен этномәдени бірлестіктердің материалдық-техникалық базасын нығайту мен этнокаворкинг орталығын ашу жұмыстарын жүргізбек.

Өзгелердің жаңалығы