Елімізде адамдар не себепті жоғалатыны белгілі болды

28 Шілде 2023, 11:12
23797
Бөлісу:
Елімізде адамдар не себепті жоғалатыны белгілі болды
Фото: ОКҚ

Елімізде адамдардың неліктен еңбек немесе сексуалдық құлдыққа түсуінің негізгі себептері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары қатер тобына жатады.

Көбінесе құлдыққа түсуге себеп болатын факторларға ақпараттың болмауы, құқықтық сауатсыздық, арзан жұмыс күшінің қолжетімділігі, шетелдіктердің заңсыз мәртебесі, интернеттің ықпалы, жылдам әрі жеңіл ақша табуды мақсат тұту жатады, - деп атап өтті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасы басшысы.

Сонымен қатар ол көп жағдайда кәмелетке толмағандар мен әйелдер адам саудасының құрбандарына айналады деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы