Елімізде 830 мыңнан астам электрондық еңбек шарттары тіркелген

27 Тамыз 2019, 11:11
1588
Бөлісу:
Елімізде 830 мыңнан астам электрондық еңбек шарттары тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында еліміздің 19 мыңнан астам ұйымдары қызметкерлерінің 830 мыңнан астам электронды еңбек шарттарын тіркеді.  

Біріңғай жүйе еңбек шарттарын, қосымша келісімдер туралы мәліметтерді жинауға, өңдеуге, тіркеуге және мұрағаттауға, сондай-ақ қызметкерлердің профилін жүргізуге арналған.

«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек жолы туралы этолонды деректер базасы. Бұл ақапараттық жүйенің негізгі міндеттері – қызметкердің жұмыспен қамту тарихын жүргізу, еңбек заңнамасының бұзушылықтарын анықтау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру арқылы қызметкерлердің жеке ісін қалыптастыру, деректердің сақталуын қамтамасыз ету және адамның еңбек жолы туралы сенімді дереккөз құру», - деді ЕРДО деркетерді талдау және өңдеу департаментінің директоры Бахтияр Жазықпаев.

Біріңғай жүйе жұмысқа орналасу барысында кадрлар қызметімен талап етілетін құжаттарды жинау қажеттілігін жояды және еңбек шартын қашықтықтан рәсімдеуге, қол қоюға мүмкіндік береді.

«Біріңғай жүйе жұмыс берушілерге де біраз басымдық береді. Ең негізгілердің бірі - еңбек шартын рәсімдеудің құнын төмендету, өйткені кадрлық құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізудің қажеті болмайды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бос жұмыс орындары туралы есеп беру қажеттілігін барынша азайтуға жол ашады, ал мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен еңбек шарттары мен жеке мәліметтерге бірыңғай қолжетімділік қызметкерлерді сапалы таңдауға мүмкіндік береді. ЕШЕБЖ-ның тағы бір маңызды артықшылығы – анықталған бұзушылықтарды жедел жою үшін автоматты түрде хабарлау», - деді Жазықпаев.

Біріңғай жүйенің енгізілуі бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесін азайтуға септігін тигізетінін, жұмыс орындарының қысқарғаны туралы жедел хабарламалар мен жұмыспен қамтылғандар туралы толық статистикалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы